понедельник, 24 августа 2015 г.

Он төртінші күн

25.07.2015
Бұл күн ауылдағы он төртінші күн, яғни, соңғы күн. Туыстарыма, ауылдағы тіршілікке үйреніп қалдым. Қимай, ауылымнан өз үйіме қарай аттандым. Ол жақтағы адамдарды сағынатынымды білемін. Дегенмен өз үйіме де асықтым.
Бұл практиканың менің өмірлік тәжірибеме деген ықпалы көп болды. Көптеген пайдалы ақпарат жинай алдым. Туыстарыма да көмегім кішкене болса да, тиді деген ойдамын. Ауыл барлық керекті ресірстармен қамтылған. Сондықтан, көп қиындық туындаған жоқ. Осы практиканы ұйымдастырған адамдарға алғызым көп.

Он үшінші күн

24.07.2015
Бұл күні біз барлығымыз қонаққа бардық. Тамақ ішіп алған соң, барлығымыз жиналып, ауыл маңындағы көлге бардық. Барлық туыс - туған жиналып, көл жағасында күшті уақыт өткіздік. Бұл күн өте керемет күн болды. 

Он екінші күн

23.07.2015
Бұл күні ұйқымды қандырып алып, үйдің шаруасына кірістім. Күн ыстық, әрі үйдің ауласында кішкентай хауыз болғандықтан, барлық балалар хауызда шомылды, мен де мұндай қызықтан құр қалған жоқпын. Өте көңілді болды. Кешке қарай тазалық уақыты болды. Кір киім жуып, жуынып, қонақтардан кейін үйді дұрыстап тазаладық.

Он бірінші күн

22.07.2015 
Бүгін ауылдағы он бірінші күн. Мен ата - анам жүрген үйге келдім. Үйге қонақтарды шақырдық. Мен жеңгеме, анама және әжеме көмектесіп жүрдім. Қатты шаршасам да, қызықты күн болды.

воскресенье, 16 августа 2015 г.

Оныншы күн

21.07.2015
Тәжірибенің оныншы күнінде мен ең алғашқы рет тамақ пісіруді үйрендім. Ендігі уақытта мен өздігімнен тамақ пісіре аламын. 

Тоғызыншы күн

20.07.2015
Мен әлі әпкемнің үйіндемін. Таңертең бесте тұрып, әдеттегідей малды өріске айдау, сиыр сауу, ауылдың күнделікті тіршілігіне үйреніп кеттім. Мен жүрген үйге тәтем келіп, бізді ол кісі жақындағы көлге апарды. Үйге келгеннен соң да үйдің шаруалары күтіп тұрды. 

Сегізінші күн

19.07.2015
Бүгін мен сағат бесте тұрдым. Себебі, мені әпкем сиыр мен қойларды өріске айдау үшін оятты. Сөйтіп, мен малды өріске айдап, оларды кешке қайтадан алып келдім, одан кейін сиыр саудым. 

Жетінші күн

18.07.2015
Ауылдағы жетінші күні біз отбасымызбен көршілес ауылға, менің ағамның үйіне бардық. Ол ауыл біздің ауылдан 42 км қашықтықта болды. Сол ауылда мен әпкеме көмектесу үшін бірнеше күнге қалдым. Ал ата - анам кетіп қалды. Мен үшін өте жақсы күн болды. 

Алтыншы күн

17.07.2015
Практиканың алтыншы күнінде мен аса күрделі іспен айналысқан жоқпын. Себебі, ауа - райы кедергі болып тұрды. Бұл күні жаңбыр жауып, жел соқты. Негізі бүгін тазалық күні болатын.Кір киімдерді жуу керек болдық, жаңбыр жауғандықтан, бұның еш мәні болмайды деп ойладық. Күні бойы үйде, сіңілімді бағып отырдым. 

суббота, 15 августа 2015 г.

Бесінші күн

16.07.2015
Бұл күн мен үшін қиынырақ болды. Себебі, осы күні мен нағыз ауылдың шаруасына кірістім. Практиканың бесінші күнінде мені нағыз сынақ күтіп тұрды. Менің міндетім сиыр сауу болды. Қалада өскендіктен, сиыр сауу қиын, әрі қорқынышты болды. Мені сиыр саууға әпкем үйретті.
Ең ақырында сиыр сауғанның еш қиындығы жоқтығын түсіндім. Қиын болғанымен, бұл күн қызықты өтті.

Төртінші күн

15.07.2015
Бұл күні мен көп ұйықтадым. Ұйқыдан тұрған соң, күнделікті ауыл тіршілігіне сай өткіздім. Үй шаруасы, кешке малдың келуі. Сүт тартатын аппаратты жуу дегендей. 

Екінші күн

13.07.2015
Бұл ауылдағы менің екінші күнім. Ақжар ауданы Көкшетауға жақын орналасқандықтан, және сол маңда бүлдірген өседі. Таңғы бесте мені оятты да, бүлдірген теруге барамыз деді. Үйде жәй отырғанша, көмегім тисін дедім де, бардым. Жаңбыр көп жауғандықтан қалыңырақ киініп, бірнеше ыдыс алып, біз бүлдірген өсетін жерге аттандық. Мен ойлағаннан алыс болып шықты, сондықтан мен жол бойы ұйықтадым. Ұйқымды қандырмасам да, бүлдірген жинауға әлім болды, әрі өзім де осы істі қызық деп ойладым. Сөйтіп, мен іске кірісіп кеттім. Бүлдірген өте көп өседі екен. Күні бойы теріп, арасында демалдық, әрине, шөлді қандыру керек қой. Сондықтан біз сол жерге жақын алыс туыстарымызға бардық, олар бізді қуана - қуана қарсы алды. Шөлімізді қандырып, тағы да бүлдіргенге бардық. Кеш батайын деген соң, үйге қайттық. Мен үшін өте пайдалы, әрі тәтті күн болды😋 
Осымен біткен жоқ. 13 нен 14 іне қарайтын түн Қасиетті Қадір түні болғандықтан, таң атырып, бірақ жатайын деген ой болды. Бос отырмайын деп, күні бойы тергер бүлдіргенді тазалауға кірісіп кеттім. 
Шаршауға тұрарлық іс көп болды, алайда, менің бойымдағы қуат бітпеді. 

Үшінші күн

14.07.2015
Бүгін мен ұйқымды қандырып, шәй ішіп алып, жеңгеме үйдің шаруасымен көмектестім. Еден жуып, сыпырдым. Бұл жұмысты қалада да жасай беретіндіктен, күнделікті жұмыс болғандықтан, ешқандай қиындық туындаған жоқ. Кешке қарай біз қонаққа бардық. Ол үй алыс, әрі біз балалармен жаяу болғандықтан, барлық ауылды аралап, ауыл тіршілігінің қандай болатынын көрдім. Өте қызықты болды. 

2 апта ауылда

2 апта ауылда

Бүгін, 12-ші шілде, практиканың бірінші күні. Мен Астана қаласынан Ақжар ауданына көлікпен аттандым. 
Кешкі сағат 8 де меня өз аулымда болдым. Ауылда менің нағашыларым тұрады. Осы ауылға мен әр жыл сайын келіп тұрамын, алайда, осы жолғы менің міндетім ауыл тіршілігін танып, бірге ат салысу болып табылады. Бірінші күн болғандықтан, қиын жұмыс істеткен жоқ; Кешкі ас ішкен соң мен ыдыс - аяқ жинадым. Осы үй сумен қамтылған, сондықтан, қаладағыдай ыдыс жуу оңай, әрі тез болды.