суббота, 15 августа 2015 г.

Екінші күн

13.07.2015
Бұл ауылдағы менің екінші күнім. Ақжар ауданы Көкшетауға жақын орналасқандықтан, және сол маңда бүлдірген өседі. Таңғы бесте мені оятты да, бүлдірген теруге барамыз деді. Үйде жәй отырғанша, көмегім тисін дедім де, бардым. Жаңбыр көп жауғандықтан қалыңырақ киініп, бірнеше ыдыс алып, біз бүлдірген өсетін жерге аттандық. Мен ойлағаннан алыс болып шықты, сондықтан мен жол бойы ұйықтадым. Ұйқымды қандырмасам да, бүлдірген жинауға әлім болды, әрі өзім де осы істі қызық деп ойладым. Сөйтіп, мен іске кірісіп кеттім. Бүлдірген өте көп өседі екен. Күні бойы теріп, арасында демалдық, әрине, шөлді қандыру керек қой. Сондықтан біз сол жерге жақын алыс туыстарымызға бардық, олар бізді қуана - қуана қарсы алды. Шөлімізді қандырып, тағы да бүлдіргенге бардық. Кеш батайын деген соң, үйге қайттық. Мен үшін өте пайдалы, әрі тәтті күн болды😋 
Осымен біткен жоқ. 13 нен 14 іне қарайтын түн Қасиетті Қадір түні болғандықтан, таң атырып, бірақ жатайын деген ой болды. Бос отырмайын деп, күні бойы тергер бүлдіргенді тазалауға кірісіп кеттім. 
Шаршауға тұрарлық іс көп болды, алайда, менің бойымдағы қуат бітпеді. 

2 комментария:

  1. Ауылдан теріп алынған бүлдірген мен қаладан сатып алатын бүлдіргеннің айырмашылығы болды ма?

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Әрине, өз еңбегіңмен терілген жеміс дәмдірек болды.

      Удалить